БАЛАБАҚША ТУРАЛЫ

1Мектепке дейінгі ұйымның атауы «Зура апа» бөбекжай – балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
2Білім беру ұйымының орналасқан жері (заңды мекен – жайы және нақты орналасқан жерінің мекен – жайы)Түркістан облысы , Ордабасы  ауданы, Шұбарсу ауылы, Арман 2 көшесі  №47
3Заңды тұлғаның байланыс деректері (телефон, электрондық пошта, web сайт)Ұялы телефон: +7 707 491 3919
Электрон поштасы: zura.apa@mail.ru
Web сайт.  zura-apa-bb.edu.kz
4Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері (басшысының Т.А.Ә лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесіМойнакбаева Айгерім Орынбаевна Ордабасы  аудандық ЖШС «Зура апа» б/б  2020 жылғы 01 маусымда  № 26 бұйрықпен меңгеруші болып тағайындалған.
5Құқық белгілейтін және құрылтайшылық құжаттары (жарғының және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу не қайта тіркеу туралы анықтаманың/ куәліктің көшірмесі қоса беріледі)Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтамасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықтама заңды тұлғаның қайта мемлекеттік тіркеуден 17.07.2018ж өткен. БСН 180740017004    
6Рұқсат беру құжаттары (білім беру қызметіне лицензия және оған қосымша және (немесе) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жіберу туралы талон) KZ36RVK00017784 хабарлама   19.09.2018ж
7Құрылған жылы2018 жыл
8Типтік ғимаратбір қабатты, екі қабатты ыңғайластырылған
9Топтар саны8 топ
10Балаларды оқыту тіліҚазақ тілі
11Жұмыс аптасының ұзақтығы5 күндік
12Ауысым саныТәрбиешілер:Ӏ ауысым
13Жасына қарай топтар бойынша ұйымдастырылған іс – әрекетінің ұзақтығы — минутпенЖас ерекшеліктері: 5 жас – мектепалды даярлық топ, 25-30 минут 4 жас — ересек топ, 20-25 минут 3 жас -ортаңғы топ, 15-20 минут 2 жас – кіші топ, 10-15 минут
14МҰД – ның жобалық әлеуетіБалабақша орны 195 балаға арналған. 17.09.2018 жылы №X.05.X.KZ90VBS00120055 21.11.2023 жылы №X.05.X.KZ67WF00118553 санитарлық эпидемиологиялық қорытынды берілген. Құжаттар көшірмесі қоса жолданды.

Балабақша ғимараты 1 қабаттыжәне 2 қабатты типтік жобада ыңғайластырылған. Балабақша 195 орындық, 8 топ жұмыс жасайды. «Балдырған» Кіші  топ 2 жас, «Айгөлек» ортаңғы топ 3 жас, «Балапан» ортаңғы топ 3 жас,  «Жұлдыз» ересектоп 4 жас, «Бал-бөбек» ересектоп 4 жас, «Көгершін» мектепалды даярлық топ 5 жас, «Қошақан» мектепалды даярлық топ 5 жас, «Қарлығаш» мектепалды даярлық топ 5 жас,    Әр топ жас ерекшеліктеріне қарай топтастырылған. Балабақша аптасына 5 күндік жұмыс жасайды, сағат 8:00- бастап 18:30 сағатқа дейін. Тәрбиеленушілер мемлекеттік тілде тәрбиеленуде. Балабақшада  8 топта  ойын бөлмелері, жатын бөлмелері, жуынып – шайынатын бөлмелері  бар. Бұдан басқа мед кабинет, акт залы, асхана, қойма, кір жуу бөлме, логопед және робототехника кабинеті, тұз бөлмесі,  әдістемелік кабинеті бар. Материалдық – техникалық базасы стандартқа сай жабдықталған.  Жылу жүйесі,  кәріз жүйелері  кіргізілген. Су , электр жүйесі орталықтандырылған. Балабақша өрт – дабыл түймешесінің автоматты хабарлау жүйесі және бейнебақылау камераларымен жабдықталған және ЦОУ орнатылған.  Балабақшада медициналық кабинеті жұмыс жасайды. Медициналық кабинетте емшара бөлмесі, оқшаулау бөлмесі, санитарлық қағидаларға 12 қосымшаға сәйкес құрал- сайман жабдықтарымен жабдықталған. Балабақша ауласы көгалдандырылған, жеміс ағаштары егілген. Ауладағы ойын алаңы өз дәрежесінде жабдықталған.Жеке топтарға арналған ойын алаңдары, бөлек қоршаулармен  бөлінген. Балалардың денсаулығын нығайтатын ойын құралдарымен жабдықталған.